Эстетикалық стоматология – тістердің сапасы мен сыртқы түрін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Эстетикалық стоматологияның жетістіктері ғалымдардың қазіргі әртүрлі әзірлемелеріне негізделген. Жоғары сапалы құрал-саймандар мен аспаптар қолданылады.

Эстетикалық стоматология заман талабына сай көмектің толық көлемін қамтиды:
  • Винирлер,
  • Люминирлер,
  • Ендірмелер,
  • Тісті көркемдік қалпына келтіру және сынған бөлігін қалпына келтіру,
  • Ағарту
Эстетикалық стоматология

Примеры работ
Ортопедическая стоматология - это область стоматологии, которая фокусируется на протезировании зубов в целях
улучшения функциональности и эстетики. Ортопедическая стоматология предлагает множество процедур, начиная с таких базовых процедур, как пломбы, коронки и отбеливание зубов, и до самых сложных, таких как протезирование при отсутствии большого количества зубов, лечение зубной эрозии и сложных нарушений функции челюсти
Curiosity about life in all its aspects, I think, is still the secret of great creative people.
Бізбен кездесуге жазылыңыз, біз сізге әдемі күлімсіреуге көмектесеміз!
Сипаттама
Тікелей және жанама қалпына келтіру
-
Винирлер
Винирлер – бұл Винирлер тістің көрінетін бөлігін жабатын және оған өте дәл жанасатын жұқа, керамикалық жапсырма. Жасанды тырнақтар әйелдердің қолын әсем көрсететіндей винирлер тістің беткі қабатын мінсіз және әсем етеді. Винирді орнату үшін тістің жұқа қабаты алынып, дайындалған тістен жоғары дәлдікте қалып жасалады. Меншікті тіс техникалық зертханада дайныдалғаннан кейін керамикалық эмаль жапсырмамен ол тіске берік жабыстырылады. Протездеудің мұндай түрі дәрігердің жоғары біліктілігі мен талғамын талап етеді.
Винирлердің қолданылусаласы:
  1. Туа біткен немесе кейіннен пайда болған тіс ақаулары – флюороз болған кезде косметикалық жайсыздықты жою;
  2. Тетрациклин тістер;
  3. Жарақаттың нәтижесінде қарайып кеткен тістер
  • Көркемдік қалпына келтіру және тістің сынған бөлігін қалпына келтіру;
  • Тіс тінінің пішінін, түсін, жарқылын, мөлдірлігін және жарық өткізгіштігін толығымен қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пломба салу материалдарының көптеген түрлері;
  • Ауыртпай емдеу;
  • Эндодонтияның жаңа әдістері (тіс каналдарын емдеу).
Тіс түбінің каналдарын құралдармен өңдеу эндодонтиялық араласудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Осы кезеңнің қаншалықты дұрыс жүргізілуіне барлық кейінгі кезеңдердің сапасы және жалпы емдеудің табысты өтуі байланысты болады.

  • Стоматологтың кабинетінен шыққан кезде сіздің Opalescence технологиясының көмегімен аппақ қардай аппақ тістеріңіз болады.
Бұл ағарту әдісі озық әдіс болғандықтан лазер немесе жарықты қолдануды қажет етпейді. Күшейтілген химиялық белсендіру арқылы, бүгінде біз сіздің тістеріңізді артық қыздырусыз немесе зиянды ультракүлгін сәулелерсіз ағарта аламыз. Бұл өнім сіздің тістеріңізде болған кезде өздігіне іске қосылады. Бұл жеңіл. Бұл оңай. Және, шамамен бір сағат ішінде, сіздің ағартылған тамаша тістеріңіз болады. Opalescence тістерді ағартып қана қоймай, тіс эмалінің жалпы жағдайын жақсартады.
Ендірмелер
Тозуға жоғары төзімділік

Ендірмелердің тістің табиғи эмалінің тозуға төзімділігіне өте жақын беріктігі бар. Егер композитті материалдың көмегімен тістің шайнау бетін қалпына келтіретін болса, онда уақыт өте келе композиттің төмпек жерлері тозып, тіс шайнау процесіне тиімді қатыспайтын болады. Егер тіс эмальдің беріктігіндей тозуға төзімділік көрсеткіші бар композитті немесе керамикалық ендірмелердің көмегімен қалпына келтірілген болса жағдай басқаша. Бұл шайнайтын тістің жоғары деңгейде тозуынан тістеудің өзгеріске ұшырамауына ықпал етеді.

Жоғары беріктілік

Ендірмелердің тікелей ауыз қуысында тістерді қалпына келтіру үшін қолданылатын композиттерге қарағанда беріктігі анағұрлым жоғары болады. Тіс қалпына келтірілетін материал неғұрлым берік болса, ол барынша тиімді қызмет ететінін айту қажет пе?

Қайтадан тісжегінің түсу қаупін төмендету

Ауыз қуысында қалпына келтіру кезінде дайындалатын композит полимерлеу кезінде шөгу процесінен өтеді. Бұл микроскопиялық шеткі саңылаудың пайда болуына алып келеді. Қалпына келтірілетін жер неғұрлым көп болса, шеткі саңылау соғұрлым үлкен болады және уақыт өте келе ол тесікте қалдықтардың жиналуы үшін қолайлы орта пайда болатындықтан тісжегі қайта түсуі мүмкін. Тіс технигі дайындаған ендірмелер зертханада шөгу сатысынан өтіп, ауыз қуысына сұйық композитпен бекітіледі, оның қабаты өте жұқа болғандықтан, оның шөгуін мүлдем елемеуге болады. Сәйкесінше, тісжегінің қайта пайда болу қаупі де өте төмен.

Тіс пішінін мұқият дайындау

Ауыз қуысында тісті қалпына келтіру кезінде дәрігерге уақыт пен кеңістік жетіспейді, себебі пациенттің аузын ұзақ уақыт ашып отыруы өте қиын. Зертханадағы тіс технигінде мұндай проблемалар жоқ және тиісінше ендірмені жасауға көп уақыт бөле алады.
Тістің сапасын мұқият қарастыру
Ауыз қуысында тісті қалпына келтіру кезінде дәрігердің кейбір тістердің беткі қабатын тегістеуге мүмкіндігі болмайды. Зертханадағы техник болса, барлық беткі қабаттарды еркін қарап, оларды тегістеп қана қоймай, сонымен бірге арнайы қабатпен – барлық беткі қабатта мінсіз тегіс бетті жасайтын глазурьмен қаптайды. Жақсы тегістелген беткі қабатқа тамақ қалдықтары нашар тұрады.

Пациенттің уақытын үнемдеу

Тіс ендірмелерін дайындауға байланысты негізгі жұмыс көлемі зертханада орындалады және пациентке клиникада көп уақыт болуы қажет емес, бұл емдеу мерзімін тездетеді және пациенттің уақытын үнемдейді. Дәрігер мен көмекшісінен тұратын команда ауызға пломба дайындағанша пациент креслода отырмайды. Дәрігер ауыз қуысын тазартып, тістердің қалпын алады және уақытша пломбалар салып, келесі қабылдауға дейін пациентпен қоштасады, осы уақытта ол ендірмелерді цементтейді. Осылайша, пломба салуға қарағанда екі рет келіп анағұрлым көп түстерді емдетіп алуға болады. Бірақ мұның барлығы қымбаттау болып келеді. Дегенмен қымбат деген – салыстырмалы түсінік. Егер үнемделген уақыт ішінде пациент әлдеқайда көп ақша табатын болса, онда ойлануға тұрарлық. Ауыз қуысында тісті тікелей қалпына келтіруге жұмсалатын уақыт шамамен екі сағат. Бірнеше тістерді қалпына келтіру кезінде айтарлықтай уақытты үнемдеуге болатынымен келісуіміз керек.

Тістің мінсіз түсі мен мөлдірлігі

Тіс ендірмелерін дайындау кезінде техник тістің табиғи түсі мен мөлдір бөлігін қайталай отырып, ендірмені мінсіз етіп бояуға мүмкіндігі бар. Бұл қалпына келтірілген тістерді мінсіз етеді.
Иматек-дентклиникасытістердіағартуғаарналғанкәсібижүйелерді ұсынады
Бұл маржандай ақ тістерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін плазмалық ағартудың ауыртпайтын және қауіпсіз заманауи әдісі. Жаңа Сапфир шамын қолдана отырып, плазмалық ағарту зиянды УЛЬТРАКҮЛГІН сәулелерді пайдаланбай, сіздің тісіңізді 1 сағатқа жетпейтін уақытта бірнеше реңкке ағартады. Сондай-ақ, LUMIBRITE құрамына фторид кіреді, ол Сіздің тістеріңізді жақсартады және тіс жегісінің тамаша профилактикасы болып табылады.

Opalescence Xtra Boost технологиясы – бұл табиғи, жүйелі, фармакологиялық, жарақат алу және жасқа байланысты табиғи түсінен айырылған тістерді тіс қаптамаларымен және винирлермен салыстырған консервативті және араласуды қажет етпейтін ағарту тәсілі.
Люминирлер
Люминирлер - өз күлкіңізді өзгертудің нақты мүмкіндігі. Оны жарқын, тегіс, тартымды ету. Тістерді үшкірлеудің, анестезия және инелерді қолданудың, ауырсыну сезімінсіз, стоматологқа көп рет барудың қажеті жоқ. Люминирлер - бұл бірден тістің үстінен киілетін жұқа керамикалық пластиналар. Бүгінгі күні тістерді қалпына келтірудің бұл әдісін косметикалық стоматологияның шыңы деп санауға болады. Тістердің сарғаюы, дақтар, қисаюы, кетіктері мен тістер арасының ашылуы – люминирлер мұның барлығынан құтылуға көмектеседі, пациенттердің қалдырған пікірлерінде оларды берік және ыңғайлы әдіс ретінде атайды. Бүгінде маржанжай ақ тістерге кез келген адам қол жеткізе алады, люминирлер орнатылғанға дейін және орнатылғаннан кейінгі суреттер ең қиын және көріксіз тістердің өзі мінсіз тістерге айналатынын көрсетеді. Сонымен қатар, керамикалық пластиналарды пайдалану стоматологқа барумен байланыстыратын барлық дәстүрлі қорқыныштарды ұмытуға мүмкіндік береді. Себебі, бұл процедура мүлдем ауырсыну сезімінсіз – тістерді үшкірлемей, егемей және инелер салмай орындалады. Люминирлерді дайындау, кигізу де ешқандай жайсыздықтар тудырмайды.
Dental face көтеру WAX UP Moc UP
-

DIJITAL SMILE DESIGN
Байланыстар
Алматы қаласы, Қожанов көшесі, 78,
6-блок, «Талисман» ТҮК
+7(727) 311-44-05
+7(727) 311-44-24
+7(701) 257-71-61
Тегін кеңес алу:
Байланыстар
г.Нур-Султан, Есильский р-н,
ЖК Асыл парк пр. Мангилик Ел 29/1
Тегін кеңес алу: